Жарнама
Жаңалықтар

САНДЫҚ ТЕЛЕХАБАР

Атаулы күнге орай қалыптасқан дәстүрмен кеше республикамызда Мемлекет басшысының қатысуымен Жалпыұлттық тікелей телекөпір өткізілді.
Бұл күні республикамыздың барлық облыс орталықтарын қамтыған игілікті бастама Атырау қаласында да жалғасын тапты. Осыған байланысты ұйымдастырылған салтанатты рәсімді «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының филиалы-Атырау облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының басшысы Дархан Хұсынов кіріспе сөзбен ашты.
Оның мәлімдеуінше, жобада қарастырылған іс-шаралар жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың өзінде кәсіпорын бойынша технологиялық қондырғыларды монтаждау, сандық таратқыштарды инсталациялау, басқару және сапалық бақылау жүйелерін ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар атқарылған. Соның нәтижесінде, облыс орталығы-Атырау қаласынан 60-70 шақырым қашықтықта орналасқан қалалық және селолық елді мекен тұрғындарының 30 пайызға жуығы күнделікті таратылатын телехабарлар мен бағдарламаларды тамашалауға қол жеткізді. Қазіргі уақытта мұнда телехабарларды қабылдап, тарату жөнінде ел аумағында жұмыс жасап тұрған 23 телеарна хабарларын көріп-тамашалау мәселесі түпкілікті шешілген.
Алғашқы сөз кезегін еншілеген облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева алдымен жиналғандарды таяуда ғана тойланған Тәуелсіздік күні және бүгінгі Индустрияландыру күні мерекелерімен, осындай айтулы даталарға орайластырылған сандық телеэфирдің тұсау кесу рәсімімен құттықтады. Бұл лекті Байланыс инспекциясының басшысы Марат Махмудов, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Төлеген Берішбай, «Қазақстан-Атырау» телерадио компаниясы басшысының орынбасары Назарбек Қосшиев және басқалары жалғады. Соңынан радио телехабарларын таратушы кәсіпорынның бас инженері Қалихан Ибраимов пен жетекші мамандар осында орнатылған заманауи технологиялармен және орталықтың жұмыс процестерімен таныстырды.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button