Жарнама
Жаңалықтар

САНДЫҚ ТЕЛЕДИДАРДАН – САПАЛЫ КӨРСЕТІЛІМ

 

Енді осы тақырыпты тарқатып көрсек, бүгінгі таңда елімізде әрбір екінші тұрғын сандық форматта таратылатын отандық телеарналардың бағдарламаларын тамашалау мүмкіндігіне ие болып отыр. Өз өңірімізге келсек, ол облысымызда 42 елді мекенді, негізінен облыс орталығы мен іргелес орналасқан ауылдарды (тұрғындар саны 253136 адам немесе 45 пайыз) қамтыған. 2015 жылы облыс бойынша телехабарларды қабылдап, тарататын стансалардың санын 18-ге дейін көбейту көзделген.

Бізге осындай мәліметтерді жеткізген «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының филиалы болып табылатын Атырау облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының директоры Дархан Хұсыновтың айтуынша, осы уақытқа дейін қазақстандықтар (соның ішінде атыраулықтар да бар) тек екіден беске дейінгі арнаны көрсету мүмкіндігі бар ретрансляторлардың қызметін пайдаланып келсе, бұдан былай мейлінше жетілдірілген заманауи технология, қондырғы-құрылғылардың көмегімен 15-тей отандық телеарнаның бағдарламаларын көреді. Бұлардың арасында республикалық қана емес, аймақтық және жергілікті деңгейде хабар тарататын телеарналар да қамтылған. Ал, қала тұрғындарының 30-ға дейінгі арнаның бағдарламаларын тамашалауға қолы жетпек. Және мұнда бейне мен дыбыстың жоғары сапасы қамтамасыз етіледі.

Нәтижесінде, 2016 жылға қарай сандық телеэфир шекара маңындағы және ішкі аумақтарды толықтай қамтып, ел халқының 95 пайызына қолжетімді болады, деп күтілуде. 

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button