Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Санавиация арқылы мамандар шақырылды

Атырауда күйік шалған балалардың өмірін сақтап қалу үшін барлық жағдай жасалды. Мұны облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов брифинг барысында айтты.

– Ауыр жағдайда ауруханаға түскен балалардың біреуі Нұр-Сұлтан қаласында, екеуі осында көз жұмды, – дейді ол. – Біріншісі жұқпалы аурулар ауруханасында бір айға жуық уақыт емделіп, 14 желтоқсанда жағдайының ауырлауына байланысты облыстық балалар ауруханасына аударылды. Сөйтіп, жағдайы тұрақтандырылып, 24 күн осында жатты. Оған өткір ішек инфекциясы диагнозы қойылды. Сол ауру асқынып,  бүйрегі жұмыс жасамады. Сондықтан Нұр-Сұлтаннан мамандар бригадасын шақырып, олармен ақылдастық. Жол жүруге жарамды болған соң, санавиация арқылы сонда жібердік. Сол жақта бес күн  ем алып, өкінішке қарай қайтыс болды.

Екінші бала да ауыр жағдайда жансақтау бөліміне қабылданды. Бұған дейін ол 10 күн амбулаторияқ ем алған. Оны да біз орталықтан маман шақырып, емдедік. Бірақ, нәтижесі болмай, ол да көз жұмды. Үшіншісі де реанимацияға түсіп, қан ұю жүйесінің нашарлауынан 13 қаңтарда қайтыс болды. Бұл балалардың бәріне де тиісті ем-дом жүргізілді. Республикалық ана мен бала орталығының мамандарымен тығыз байланыста болдық.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button