gazet min

Мақсатымыз – тіл мен ділге қызмет ету

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/28 маусым, 2019 жыл. Индер өңірінің шежіресін хаттау жолында осынау ұлы сапарға бет алған бүгінгі «Дендер» газеті осыдан 85 жыл бұрын, 1934 жылы «Социалистік мал шаруашылығы» деген атаумен шыққан-ды. Айтулы мереке қарсаңында байырғы басылымның бас редакторы Жанай АМАНТУРЛИНГЕ жолығып, осы төңіректе әңгіме өрбіткен болатынбыз.

– Сонау отызыншы жылдардың орта тұсында «Социалистік мал шаруашылығынан» бастау алған басылымның өткен тарихын ой елегінен өткізіп көрелікші.

– «Социалистік мал шаруашылығы» газетінің алғашқы редакторы болып Ғабды Аманғалиев бекітіледі. Кейін ол округтік « С о ц и а л д ы қ ұ р ы л ы с » г а з е т і р е д а к т о р ы н ы ң орынбасарлығына жоғарылап, оның орнына Шайдолла Молдабеков тағайындалады. Сол жылдардан аудандық газеттің материалдық жағдайын жақсарту, маман кадрлармен толықтыру ісі жергілікті басшы органдардың ұдайы назарында болды. Газеттің жұмысы туралы редактор есебін мезгіл-мезгіл тыңдап, жоғары партия органдарына белгіленген кесте бойынша мәлімет дайындап отырған.

Алғашқыда газеттің көлемі кіші, шығуы да сирек еді, бес күнде бір бет болып шыққанды. Кейін басылым көлемі ұлғайып, бес күнде 4 бетпен бір рет шықты. Ал, көктемгі егіс пен күзгі орақ кезінде екі реттен шығарылуы көзделді. Жылдық жазылу бәсі 10 сом болып белгіленіп, 1935 жылы мемлекеттен 10000 сом мөлшерінде дотация бөлуді округтік атқару комитетінен сұраған екен.

– Газет жұмысының тағы бір сыналған сәті Екінші дүниежүзілік соғысы жылдары болғаны рас. Ер азаматтарды Отан қорғауға шақырып, үгітнасихат жұмысын үдеткен басылым бұл кезде «Бәрі де майдан үшін, Бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұран берік ұстанғаны белгілі. Ұлы Жеңісті жақындатуға газет шығару, оны тарату ісі қалай жүзеге асты?

– Өткен жылы Алматыдағы Ұ л т т ы қ к і т а п х а н а м е н тікелей байланыс орнатып, басылымның 1937 жылдан (№20(148)) бергі сандарының электрондық тігіндісін алдыруға қол жеткізген едік. Газеттің сарғайған тігінділерін ақтара отырып, ел басына ауыр күн туған тұста да редакция қызметкерлері орасан зор еңбек еткендігін, оның бетінде халықты сабырға, шыдамдылыққа ү н д е п , қ и ы н д ы қ қ а қайсарлықты қарсы қоюға шақырған мақалалар көптеп жарияланғандығына көз жеткізгендейміз.

Осындай орасан зор еңбек, соғыстағы ерен ерліктің арқасында Жеңіс туы желбіреп, аудандық газет халықтан сүйінші сұрай жазған. Газетті ауданның атқамінер өкілдері жаяулапжалпылап жүріп халыққа таратқан көрінеді. Жеңіс күнгі нөмірге бас редактор Қабдол Қарабалин қол қойды.

Ал, редакцияда қызмет жасаған бірқатар қаламдастар мен оқырмандардың майдан даласынан оралмай қалғандарын да еске алу, рухтарына тағзым ету парыз. Қайсыбірі сол бір қанды шайқастан елге Жеңіспен оралып, газетте ұзақ жылдар абыройлы еңбек етті.

Бүгінгі мерейтой қарсаңында бас редакторлар болған Ғабды Аманғалиев, Шайдолла Молдабеков, Сүндетқали Ерғалиев, Қабдол Қарабалин, Ізни Нұрқасымовтарды мақтанышпен атауға болады. Басылымда кейінгі жылдары басшылық қызмет атқарған Дошу Шененов, Ғилымғали Сайханов, Теңдік Жауыров, Уажит Машанов, Төлеубай Ысқақов, Мүтәлі Шәріпов, Ізтелеу Көпбаев, Ерсайын Көшек, Сансызбай Базарбаев, Сүйеу Халықов сынды әріптестеріміздің
қаламдарының ізі сайрап жатыр.

Бұл арада газеттің мазмұнды шығуына терең ойлы да, өткір мақалаларымен үлестерін қосып, есімдері ел жадында қалған марқұм Мақажан Қабиев, Меңдекеш Сатыбалдиев, Мұрат Қазиханов, К ү з е м б а й Ә м і р о в , Әнуар Нәбиев, Базарғали С у х а н қ ұ л о в , Қ у а н ы ш Мұхамбетәлиев, тағы да басқа әріптестеріміздің еңбегі ұшан-теңіз.

– Редакция мен баспахананың қос ұжымның еңбекқорлығы арқасында аудандық газет – Бүкілодақтық М.Ульянова атындағы сыйлықтың бес дүркін лауреаты, республикалық, облыстық дәрежедегі бірнеше салалық наградалардың иегері атануы кездейсоқ емес шығар?

– Оныңыз рас. Бұл Одақтық марапатқа бірнеше рет ие болу – аудандық газет ұжымы үшін зор мәртебе, биік абырой. Кезінде әріптес аға-апаларымыз жергілікті тілші-авторларға арқа сүйей отырып, бұқаралықкөпшілік жұмыстарына ерекше маңыз берді.

– Газет журналистері қандай тақырыптарда қалам тербеп, нендей мәселелерді көбірек көтеріп жүр? Газеттің таралымы, әлеуметтік желі арқылы оқырманға жетуі қай деңгейде?

– «Дендер» журналистері Сүйеу Халықов, Арал Байжігітов, Саламат Базарбаев, Диас Айбаров және басқалар газет бетінде «Тұздыкөлдің емдік қасиеті ғылыми түрде дәлелденді», «Халықаралық көліктер кент ішін кезіп жүр», «Жазушының үйі мұражайға айналса», «Қол еңбегінен қол үзу ұлттық құндылықтан да айырады», «200 қойды кім ұрлады?», «Ұялмаған бұйырмағанды жейді», «Сұр тәрелкенің сұрғылт «тірлігі», «Бапкердің бабы табылмай жүр», «Дәрі қымбат, құрметті депутат!», «Қадағалаушы аптасына бір рет келеді, одан құрылыс қайтіп оңады?» атты өзекті тақырыптарды көтерді, зерделеу-сараптамалық мақалаларды оқырмандарға ұсынды.

Бұл істе бүгінгі қоғамның жедел дамуының ақпарат құралдарына пайдасы зор болып отыр. Заман талабына сай www.dender.kz сайты, фейсбук, инстаграм, телеграмм парақшалары ашылып, түрлі-түсті бояумен 16 бет болып шығатын газетті оқырман электронды нұсқада оқыса, ол арнайы сайт көмегімен бірнеше тілге аударылады.

Сұхбаттасқан:

Бақытжан ЖҰМАТ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған