Сана жаңғырып, қоғам жаңарады

img 20220317 wa0000 Жаңалықтар

Шыны керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы аз уақыттың ішінде ауқымды сана трансформациясын бастан кешірген қазақстандықтар үшін аса маңызды болды.

Әрбір сөзінің астарында нақты іске көзделген айқын мақсат жатқанын аңғауға болады. Президент ұсынған саяси бағдарламаларды жаңа Қазақстанды аяқтан нық тұрғызуға жасалған бетбұрыс деп қабылдадым. Бұл Жолдау мемелекеттімізді саяси-экономикалық, әлеуметтік, құқықтық бағытта жаңғыртатын бастамаларға толы болды.

Мемлекет басшысы Жолдауының соңында: «Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын. Ең бастысы – еліміздің егемендігі. Шын мәнінде, біз үшін Қазақстанның тәуелсіздігі бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде Қазақстанымыз бізден басқа ешкімге керек емес. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан ешбір құндылық жоқ» деп атап өтті. Ендеше, ел болашағының жарқын әрі шынайы болуы үшін әр қазақстандықтың өзгеруі, еңбек етуі, білім алуы, өзін-өзі дамытуы керек. Себебі, мемлекеттің негізін білімді, білікті және озық ойлы азаматтар құрайды.

Олай болса, елдің ертеңіне алаңдаған Президенттің батыл бастамаларына қолдау білдіріп, жүктеген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, оның орындалуына жастар да атсалысуы керек-ақ.

Қадыржан САПАРОВ,

ҚР Білім және Ғылым министрлігі жанындағы студенттер мәселелері жөніндегі республикалық кеңес мүшесі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз