Жарнама
Жаңалықтар

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫНА – ЕРЕКШЕ НАЗАР

 

 Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің облыстық суда құтқару қызметінің басшысы Ершат Қибашевтің айтуынша, жергілікті жерде адамдарды суға кетуден құтқаруға байланысты ауқымды жұмыс жүруде. 7 құтқару станса мен бекеті, 1 сүңгуір апаттық-құтқару жасағы, барлығы 46 адамнан тұратын жеке құрам көлденең жағдайға жол бермес үшін дайын отыр. Дегенмен, қанша қарекет қылса да, «тілсіз жаудың» құрбандары азаймауда.

— Атқарылған бірқатар іс-шараларға қарамастан, өткен жылы 37 адам (оның 9-ы бала) зардап шекті. Оның 19-ы (5-уі бала) суға кетіп, өмірлері кенеттен үзілді. Құтқарушылардың дер кезінде қарекет жасауының нәтижесінде 18 адам ажалдан аман қалды, — деді облыстың бас суда құтқарушысы.

— Адамның өмірі бәрінен қымбат. Сондықтан, суда құтқару қызметі, басқа да құрылымдар жергілікті ақпарат құралдарының мүмкіндігін пайдаланып, жұртшылықты оқыс оқиғалардан сақтандыруы, түсінік жұмыстарын жүргізуі керек. Жағажайды иелігіне алған кәсіпкерлер де сақтық шараларын алулары тиіс, — деді облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев.Комиссия төрағасы облыстың өзендері жағалауларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиісті орындарға нақты тапсырмалар берді.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button