ЖаңалықтарСаясат
Сайлау-2019: Мүмкіндігі шектелуі жандарға барлық жағдай жасалған
Atr.kz/9 маусым, 2019 жыл. №252 учаскелік сайлау комиссиясына қазіргі уақытқа дейін 28 адам келіп дауыс беруде.
Аталған учаскенің комиссия төрайымының айтуынша, сайлау комиссиясы өз жұмысын таңертең сағат 7:00 бастаған. Мұнда 2680 сайлаушы тізімге енгізілген.
— Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Қазақстанның болашағына өз үлесімізді қосу әр адамның міндеті деп ойлаймын. Сондықтан осы учаскеге отбасымызбен келіп дауыс беріп жатырмыз, — дейді Жұлдыз ықшамауданының тұрғыны Бектас Жапанов.
Сонымен бірге, аталған учаскеде мүмкіндігі шектеулі және көзі көрмейтін жандар үшін арнайы орын жасақталған. Зағип адамдарға арнайы компьютер дайындалған. Олар аудиодыбыс арқылы дауыс бере алады.
Гүлдана ЖАМБОЗОВА