Атырауда шатырдың құлауына жол берілмеді

img 20220213 wa0087 Жаңалықтар

Құтқарушылар төбе жабындысының құлау қаупін жойды.

Атырау қаласының Студенческая көшесі №205 мекен-жайда орналасқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау  университеті жатақханасының төбе жабындысы желдің салдарынан құлау қаупі бары жөнінде хабар түсті. Шақырту орнында жатақхананың шатырындағы 5х5м болатын босап тұрған қаңылтырын бекіту жұмыстары жүргізілді

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында қаңылтырдың құлау қаупі дер кезінде жойылып, оқыс оқиғалардың орын алуына жол берілмеді. Оқиға орнына Атырау облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ Жедел-құтқару жасағының үш құтқарушысы мен бір техникасы жұмылдырылды.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз