ГҮЛ СЫЙЛАСА БОЛҒАНЫ…

Мемлекет басшысының сарабдал саясатының нәтижесінде еліміздің демографиялық ахуалы өте қалыпты. Ұжымдарға жетекшілік етіп жүрген қыз-келіншектеріміз жеткілікті.  Өзім де солардың бірімін. 

Мен қызмет істейтін «Атырау-Энергосату» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде негізінен қыз-келіншектер жұмыс жасайды. Олар қысы-жазы әр үйді аралап, бәрінің жарықпен және жылумен сенімді қамтамасыз етілгенін қадағалайды. Алдымыздағы мереке күні де тыным таппайтындар – осы нәзікжандылар. 

 

Жалпы, әйел халқы әр кезде де өзіне лайықты ілтипат күтеді,  назардан тыс қалмағанын қалайды. Мен де осы күні құшақ толы гүлге бөленсем деймін.

Эльмира 
ИСЕМБЕРГЕНОВА,
«Атырау-Энергосату» жауапкершілігі 
шектеулі серіктестігінің директоры.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз