Сағызда «Есіктен есікке» акциясы өтті (+ФОТО)

img 20201212 wa0118 Жаңалықтар

Бүгін Сағыз ауылында «Nur Otan” партиясы атынан аудандық мәслихатқа үміткер болып тіркелген А.Қарабалина, М.Аяганова, Б.Султанов, А.Жетібаева және партияның сенімді өкілдері  «Есіктен есікке» акциясын өткізді.

Акция барысында олар үй-үйді аралап, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. «Баршаға белгілі біздің партия саясатта көп жылдық тәжірибесі бар саяси ұйым. Ел мүддесі жолында жасаған жұмыстары да аз емес. Әлі де болса болашақта жасалар жұмыстар көп. Сондықтан да бізбен бірге болыңыздар» деді үміткер А.Қарабалина.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары да ой-пікірлерін ортаға салып, үміткерлерге сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Қызылқоға ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

img 20201212 wa0120
img 20201212 wa0119
img 20201212 wa0125
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз