Мамандар атыраулықтарды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады

img 20200325 wa0080 Жаңалықтар

Atr.kz/25 наурыз, 2020 жыл. Әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде «Атырау қаласы карантинге жабылады, базарлар жұмыс жасамайды» деген ақпарат тарады. Әсіресе, осы мазмұндағы «WhatsApp» хабарламалары жиілеп кетті. Осыған орай, жауапты мамандар жауап берді.

«Ертең сағат 20:00-де Атырау Нұр-Сұлтан мен Алматы сияқты карантинге жабылады» деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әлібек НАУАРОВ мәлімдеді. Ол өз кезегінде Атырауда коронавирустық инфекция жұқтырған бірде-бір оқиға тіркелмегенін айтады.

Еске сала кетсек, жалған жаңалық таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпаратты тарату») бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сөйтіп, айыппұлдан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

-Азаматтарды әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлер арқылы таралған күмәнді жаңалықтарға емес, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз, – дейді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы.

«Atr-Ақпарат»

http://atr.kz/bez-rubriki/қauipti-indet-soltүstik-қazaқstan-men-zhambyl-oblystarynda-da-tirkeldi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз