Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

облсобес Жаңалықтар

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып Жанахмет Асқар Жанахметұлы тағайындалды. Бүгін оны облыс активіне аймақ басшысының міндетін атқарушы Сағындық Лұқпанов таныстырды.

облсобес

Асқар Жанахмет – 1984 жылы туған. Құрылыс және экономика саласы бойынша екі жоғары білімнің иесі. Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы жеке секторда менеджер болып бастаған. Кейін жеке компанияның бас директоры қызметіне көтерілген. Ал, мемлекеттік қызметте 2012 жылдан бері жасап келеді. Бастапқыда бас маман, инспектор, кейін бөлім басшысының орынбасары, тағы басқа қызметтерде болған. Соңғы жұмыс орны – облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз