Жарнама
ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБАЭкология

Сағызда қауіпсіздік іс-шаралары жалғасуда (+ВИДЕО)

“Қызылқоға ауданы, Сағыз станциясы ішімен өтетін Ноғайты өзенінің тасуы салдарынан Сағыз ауылындағы үйлерді су басу қаупі туындады” деп хабарлайды өңірлік коммуникация қызметі.

Видео:

https://youtube.com/shorts/gDltsUjfrjw?feature=share

Сондықтан қазіргі уақытта су астында қалуы мүмкін деген 24 үйдің адамдарын қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, оларға жағдай түсіндіріліп колледж бен мектепке эвакуациялау жасалуда.

Азаматтарды қауіпсіз орындарға көшіру сондай-ақ суға бөгеттер қою жұмыстарына еріктілер бар, өзге де мекеме қызметкерлері бар барлығы екі жүздей адам мен ондаған техника жұмылдырылған.

Тұрғындардың айтуынша, Ноғайты өзенінің мұндай тасуы бұрын-соңды болмаған. Биыл ақпан айынан бастап осымен үшінші рет тасуда.

Сағыз ауылындағы ахуал тұрақты бақылауда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button