Мұнайлы мекен жастарын не толғандырады?

img 20190228 092006 580 Жаңалықтар

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Жастар ­– елдің ертеңі, қоғамның болашағы. Сол себепті, мемлекет оларға үлкен үміт артып, зор сенім білдіреді. Ал, жастарымыз әркез үміт үдесінен көрініп, сенімге сай серпіліс танытып, белсенділік көрсетіп жүр ме?

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда облыс тұрғындарының үштен бір бөлігін он бес пен жиырма тоғыз жас аралығындағы жастар құрайды. 145 мыңның жартысы экономикалық белсенді, яғни, еңбек етуге қабілетті. Өткен жылы облыста арнаулы орта және жоғары білімі жоқ, еш жерде жұмыс жасамайтын жастардың үлес салмағы 5 пайыздан асып, жұмыссыздық деңгейі 2,5 пайызды құраған. Әрине, мұнымен жастардың дені жұмыссыз деуге негіз жоқ. Жұмыссыздықты төмендету бағытында  атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Жастар жылына межеленіп, жоспарланған ауқымды жұмыстар биыл одан әрі жалғастырылуда.

Мәселен, «Білімді ұрпақ» бағытымен қаладағы А.Байтұрсынов атындағы №23 орта мектепте НКОК компаниясының демеушілігімен «STEM лаборатория» ашылды. Бұған қоса, облыста 1 220 оқушыны қамтыған 57 робототехника кабинеті іске қосылды. Сондай-ақ, білім беру басқармасы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Атырау облыстық филиалымен бірлесіп, «Qazproftec» ЖШС әзірлеген кешенді кәсіптік бағдарлау құралдарының көмегімен жалпы білім беру мектептерінің 11 сыныбында оқитын 450 оқушыға диагностика жүргізілді.

«Жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуы» бағытында БҰҰ-ның «Generation Unlimited» атты жаһандық бастамасы басшылыққа алынды. Соның шеңберінде, ЮНИСEФ балаларды қорғау қорымен бірге жастардың өзін-өзі дамытуы мен табысқа жету мүмкіндігін арттыру, оқуы мен жұмысқа тұруы үшін қажетті өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруіне бағытталған «Самғау» жобасын жүзеге асыруға қадам жасалды. Нәтижесінде, 21 өңірлік, 130 ауылдық тренерлер оқытылып, олар өз кезегінде ауылдық жерде тұратын 1 800-ден астам жасқа өмірлік дағдыларды үйретті. Бұған қоса, облыста жастарға арналған 13 денсаулық орталығы ашылды.

Сондай-ақ, жастардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған 12 орталық жұмыс жасайды. Аталған орталықтар арқылы жасөспірімдер мен жастарды қолөнер, ментальді арифметика, бисермен тоқу, тігіншілік, шахмат, үстел теннисі, ағылшын тілі үйірмелеріне тартылды. Жоспарланған 43 «Street workout» алаңының 14-інің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Жастар ресурстық орталықтары мамандарына арналған «Жастар ісі академиясы» арқылы  30 маман арнайы оқытудан өткізіліп, әр деңгейдегі орталықтар өздерінің үшжылдық жұмыс жоспарын құруға мүмкіндік алды.

ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген биылғы «Еріктілер жылының» да жастарға артар жүгі ауыр, салмағы ауқымды. Бұл тұрғыда да көптеген жарқын жобалар қарастырылып, бастамалар ойластырылған. Бұлардың нәтижесі ­– уақыт еншісінде.

Дәулетқали АРУЕВ

http://atr.kz/bez-rubriki/zha%d2%a3a-zh%d2%b1mys-oryndary-ashylady/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз