ЖаңалықтарҚоғам
Сағыз ауылында екі жасар бала 10 рубльдік тиынды жұтып қойған
Атырау облысында екі жасар бала монета жұтып қойған.
Оқыс оқиға Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында болған. «Қазақпарат» мәліметіне сүйенсек, баланың анасы екі жасар баласын тамақтандырғысы келген. Бірақ, кішкентай балақай тамақтан бас тартып, құса бастаған.
«Әйел баласының тыныс алуы қиындағанын айтып шағымданды. Біз келген кезде нәресте жөтеле бастады. Бұл – монета секілді нәрсені жұтудың белгісі. Сол себептен біз балақайды шайқай бастадық. Балақайды үшінші рет шайқағанда ғана аузынан монета түсті. Ол ресейлік 10 рубль монетаны жұтқан екен», — деді жедел жәрдем бригадасының фельдшері Айнұр Зайнекешова.
Алайда 2 жасар балақайдың анасы үйіне 10 рубль монетаның кім әкелгенін есіне түсіре алмаған.