Республикалық жастар слеті басталды

IMG 5453 Жаңалықтар

Атырауда республикалық жастар слеті басталды. Ол «Қазақстан жастары конгресінің» 15 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.

IMG_5453

Мұнда еліміздің әр аймағынан жастар ұйымдарының көшбасшылары мен мүшелері, жас депутаттар, спортшылар, блоггерлер, мемлекеттік қызметшілер мен сарапшылар шақырылған. Шара қонақтарының ішінде Қазақстан жастар конгресі Кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева, олимпиада жүлдегері Василий Левит, белгілі тележүргізуші Сәнді Сұлтан және басқалары бар.

Аталмыш слет үш күнге жоспарланған. Жастар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауабын алатын болады. Түрлі тренингтер мен шеберлік сыныптары, кездесулер мен көше субмәдениеті аясында фестиваль өтпек.

Айта кетейік, Қазақстан жастар конгресі алғаш 2002 жылы Елбасы бастамасымен ашылған болатын. Осыған дейін «Жасыл ел» бірыңғай еңбек жасағы, «Жас Ұлан» жасөспірімдер ұйымы, «Студенттер альянсы» секілді бірқатар ұйымдар құрылды.

Конгрестің атқарушы директоры Айдын Сәбитовтің пікірінше, бұл жолы әскери-патриоттық бағытқа ерекше ден қойылып отыр. «Биыл «Жас қару» патриоттық ұйымы өз жұмысын бастады. Тағы бір жаңалық, дүниежүзілік банктің грантын жеңіп алдық. Ауыл жастарының бастамаларын қолдауды мақсат етіп отырмыз. Жалпы, еліміз бойынша 106 конгрестік ұйым бар»,-дейді ол.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз