ЖаңалықтарҚоғам

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде облыстық аналар форумы өтті

Ғимараттың фойесінде қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылып, мұнда қазақы мәнермен тоқылған неше түрлі бұйымдар, қолдан салынған суреттер қойылды.

ЕЛД-КТ-__ М__РАТЫ __О__АМНЫ__ __УАТЫ АНАДА jpg

Форум алдында қазақтың ұлттық киімін киген бір топ келіндер аналарға ақ орамал табыс етті. Мұндай рәсім облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Тамара Аман-Турлина бастаған қонақтарға да жасалды. Шараны ашқан аудан әкімі Бибоз Шаяхметов  форум жұмысына сәттілік тіледі. Бейнебаян арқылы ауданымыздан шыққан Дина Нұрпейісова, Бақыт Қарабалина, Хиуаз Доспанова және басқа да танымал аналардың, еңбек ерлерінің суреттері көрсетілді.

Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы: «Ақ орамал» акциясын былтыр біз облыс көлемінде, Атырау қаласында да өткіздік. Оны ең алғаш рет қалалық перзентханада жаңа босанған аналар арасында ұйымдастырдық. Жастарға облысымызға белгілі ардақты аналарымыз келіп бата берді. Акцияның жақсы өтуіне қалалық перзентхананың бас дәрігері Гүлзейнеп Түсіпова  көп атсалысты. Оған Алтын алқа иегері Айткүл Көшекова, мемлекет қайраткерлері Мәдина Ғабдысәлімова, Нұржиян Абдолқызы, Меллат Сабырқызы, аналар кеңесінің мүшелері, облыстық адвокаттар алқасының төрайымы Айсұлу Қайырқызы, Бәтіш Төреғалиқызы апамыз, кезінде саяси партияны басқарған, облысымызға танымал кәсіпкер Ағила Кенжеғалиқызы қатысты.

Аналарға ақ орамал тағылып, сәбилеріне сыйлықтар табыс етілді. Одан кейін қаладағы әскери бөлімдерде болған біздің ұлттық мәдени бірлестіктің өкілдері өздерінің тағамдарын ұсынып, аналық ақ баталарын арнады.

Облыстық аналар кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Ағила Молдағалиева 19 округтен келген 20 адамға өз сыйлығын  ұсынды.

Одан әрі форум аясында «Ақ орамал» акциясы жалғасын тауып, облыстан келген қонақтар мен аудандағы әр салада жұмыс жасаған, есімі елге белгілі аналар замандастары мен жас аналарға ақ орамал салды. Жас келіндер атынан аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің әдіскері, облыстық байқаудың  жүлдегері Динара  Ғатауова сөйлеп, зор ризашылығын білдірді.

Қанат ҒҰМАРОВ.

Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button