Атыраудағы Майлин көшесінде кісі өлімі болды

s m19 21207771 Жаңалықтар

Атыраудағы Майлин көшесінде кісі өлімі орын алды. Қайғылы оқиға 19 қазан күні болған.

s_m19_21207771

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «102» хабарламасына Атырау қаласындағы Б.Майлин көшесі, бұрынғы сүт комбинатының маңында белгісіз адамның мүрдесі жатқандығы жөнінде хабарлама түскен.

«Тексеру барысында марқұмның сол жақ иығы үшкір затпен жарақаттанғандығы анықталды. Мүрденің жеке басы кейін белгілі болды, ол – 1956 жылғы қала тұрғыны болып шықты. Жедел іздестірудің нәтижесінде күдікті «Нұрсая» ықшам ауданынан ұсталды. Оның иелігіндегі «КИА» автомашинасынан асхана пышағы табылды. 1988 жылғы күдікті бірден уақытша тергеу изоляторына қамалды»,-дейді  облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.

Бүгінде аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алдын ала болжам бойынша, кісі өлімі өзара орын алған жанжалдың кесірінен болған.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз