Жаңалықтар

«Рухани келісім күні» аталып өтті

Атырауда 18 қазан – «Рухани келісім күні» салтанатты түрде аталып өтті.

imgpreview

Шара барысында қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға, елдегі діни, рухани келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін бір топ сала мамандары марапатталды.

Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандардың қатарында Дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев, орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев, «Жәрдем – Атырау» корпоративтік қорының директоры Ербол Жаулин, «Былина» орыс этномәдени ұйымының төрағасы Андрей Короблев және өзге де сала мамандары бар. Марапат иелерін құттықтаған аймақ басшысының орынбасары Әлібек Нәутиев өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мерекенің мәні ерекше екеніне тоқталды.

«Жаһандық геосаяси ахуал күрделеніп, саяси қақтығыстар мен экономикалық қиындықтар орын алып жатқан жағдайда, ел азаматтары қазақстандық екенін мақтан  тұтуы тиіс. Себебі, біздің елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық, әлеуметтік реформалар бұқараның әл-ауқатын арттыруға ғана емес, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған» деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары  Әлібек Нәутиев.

Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button