Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

«Атырау-Ақпараттың» медиаорталығы ашылды (+ФОТО)

Бүгін Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің бастамасымен медиаорталық ашылды.

Енді журналистика факультетінің студенттерінде теория мен практиканы ұштастыруға мүмкіндік болады. «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директоры Ысқақ Егембердиев пен университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асхат Шүкіров бірлескен жобаның тұсауын кесті.

akparat 2

— Студенттер университет қабырғасынан бастап газет редакцияларымен тығыз байланыс орнатып, кәсіби журналистерден тәлім алып, тәжірибе жинақтайды. Осы арқылы олардың талғамы қалыптасып, сапалы контент жасайтын қаламы қарымды журналистер анықталады. Қайнаған ақпараттар ағынының көшінен қалмау – уақыт талабы. Бұл бағытта медихолдинг тарапынан шет елдермен екіжақты әріптестік қарым-қатынасты қолға алып жатырмыз, — деген Ысқақ Дүйсембайұлы медиахолдингте тәжірибеден өткен тілшілердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік болатынын атап өтті.

Өз кезегінде «Журналистика» кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Мұқашева медиаорталықтың кадр дайындаудағы роліне тоқталып өтті.

Жаңа медиаорталық қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған. Аудитория қабырғасына «Атырау-Ақпарат» ЖШС тарихынан сыр шертетін көрнекілік құралдар ілінген. Студенттерге өңірге танымал журналистер, медиа мамандары дәріс оқиды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

akparat 3


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button