Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Өртпен алысқан ержүрек Айман (ФОТО)

Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешенінің мәжіліс залында қазақ халқының ұлтын сүйген ұлы жүректі патриот қызы, бейбіт күннің батыры Айман Далбанқызы Жұмашеваны еске алуға арналған «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» атты жиын өтті.

IMG_4824

Осыдан 32 жыл бұрын, Мақат стансасында жанар-жағар май құйылған 15 тонналық алып цистерналар өртеніп, станция басы алапат жойқын өртке оранды. Жанар-жағар май құйылған төрт цистерна қатарынан жарылды. Жылжымалы құраманың 55 вагоны бір мезгілде істен шықты.

Өрттің алдыңғы шарпуы теміржол бойындағы Мұнай өнімдері базасына жақындады. Айналасын тегіс жалмай қаптаған қалың өрттің қызуы жүректі шайлықтырғаны сондай, теміржол бойындағы барлық жұмысшы мамандар да, жауапты қызметтегі басшылар да қызмет орындарын тастап кетуге мәжбүр болды. Түптеп келгенде, бүкіл Мақат стансасы бойынша қызметтік орнында жалғыз адам ғана қалған. Ол — станса кезекшісі Айман Далбанқызы Жұмашева еді.

IMG_4838

Жиын барысында Айман Далбанқызы туралы бейнебаян көрсетіліп, жиналған көпшілік оқыс оқиғадан тайсалмаған қайратты қыз ерлігіне тәнті болды. Әсерлі бейнебаянды тамашалаған көрерменнің көзіне еріксіз жас келді.

Мақат ауданы әкімінің орынбасары Жандарбек Гумаров, батыр қыздың өмірі жастарға өнеге екенін айтып өтсе, Айман Далбанқызының  бауыры Шолпан Жұмашева аудан әкімшілігіне, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, естелік гүл шоқтарын табыс етті.

Ержүрек қыздың ерлігін кейінгі ұрпақ қастер тұтып, рухына бас иіп келеді. Жергілікті әкімдік те халық жадындағы тұлғаны құрмет тұтып, 2007 жылы Мақат кентінің бір көшесіне есімін берсе, 2016 жылы аудан әкімі Берікқали Жоланұлының, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен «Мақат ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

IMG_4783

Айман Далбанқызына арналған танымдық шаралар  төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Шара аясында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері Нұрлан Исполов  Айман Далбанқызын еске алуға арналған қыздар арасында өткен волейбол жарысының жеңімпаздарын марапаттады. Жарысқа барлығы 7 команда қатысып,  «Жеңіске деген жігері үшін» алғыс хатымен Л.Шахатов атындағы орта мектебінің командасы, 3-орынды Б.Қанатбаев атындағы орта мектебі, 2-орын Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешені, 1-орынды Х.Санбаев атындағы орта мектебі еншіледі. Жеңімпаздарға медальдар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Жиын соңы ән-шашумен жалғасын тапты. А.Дүйсеновтің «Туған жер» әні Аружан Хасанованың орындауында шырқалса, Гаухар Ишанғалиева мен Меруерт Базарбайдың орындауында  «Перзент парызы» әні  зор қошеметке ие болды. Сондай-ақ, Бәйгетөбе мектебінің бишілері  «қазақ биін» орындады.

А.ТАУМҰРЫНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button