Атырауда акция басталды: «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз»

75 letie vov 1 Жаңалықтар

Аtr.kz/9 мамыр, 2020 жыл. Атыраулық оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы естеліктер жариялауда.

Мұндай мүмкіндік «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» атты мерейтойлық марафонында жүзеге асты.

Жобаның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы тарихындағы оқиғаларды оқушылардың шығармашылығымен суреттеу. «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!» марафонында соғысқа қатысы бар әрбір отбасының тарихын еске алу.

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өз отбасыларының тарихын майданнан келген хаттар мен альбомдар, көне жәдігерлермен жеке мұрағаттағы естеліктері арқылы таныстырады.

75 letie vov 3

Мамыр айының басында бастау алған он күндікте «Менің отбасымның ардагер батыры» эссе жазбалары, «Ұлы Жеңіске тағзым» құттықтау тілектері, «Ол күндердің даңқы өшпейді» әндер эстафетасы, «Мен батырдың ұрпағымын» фотосуреттер көрмесі және «Ұлы Жеңісті жырлаймыз» көркемсөз оқулары ұйымдастырылған.

Мәселен, мектеп жанындағы жатақхананың тәрбиешісі Дәмелі Ізбасқанова немересі Гүлнұр Даниярмен бірге «Катюша» әнін айтса, 11 сынып оқушысы Виктория Ким соғыс жылдарындағы әндерден попурри ұсынды. Сондай-ақ мектеп оқушылары белгілі қазақ, орыс жазушыларының шығармаларын нақышына келтіре оқып аудио және бейнетаспалар әзірледі. Ал мектептің 9 сынып оқушысы Әзиз Олжғалаи өзінің арғы атасы Азат Джанасов туралы зерттеу жүргізген.

Бұл жобалардың барлығы карантинге қарамастан қашықтықта жүйелі ұйымдастырылуда. Оқушылардың еңбектері әлеуметтік желідегі парақшаларға жүктелуде. Осылайша қан майданда тер төккен ардагерлерді ұлықтау шарасы 10 мамырға дейін жалғасын таппақ», – деді мектеп баспасөз қызметінде.

Әнуар ЖАМАНҚҰЛОВ,

НЗМ-нің баспасөз хатшысы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз