Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда 243 өрт оқиғасы тіркелді

Былтыр көршілес Ресейде орын алған оқыс оқиғадан кейін аймақтағы сауда орындары өрт қауіпсіздігіне тексеріліп, біраз кемшіліктің беті ашылған еді. Соның өзінде сақтыққа салғырт қарап, төтенше жағдайлар мамандарының ескертпелеріне құлақ аспаған кәсіп иелері де болған. Олардың ісі сотқа жіберіліп, нысан қызметін тоқтатқаннан кейін ғана жағдай ретке келтірілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Жасболат Бержанов тексеріс жұмыстары әлі де жалғасатынын мәлімдеді.

????????????????????????????????????

Жылу беру науқаны басталысымен қауіпсіздіктің маңызы арта түсетіні белгілі. Әсіресе, жеке сектор мұржаларының бітеліп қалуы, пештерді қолдану, электр қондырғыларын монтаждау және пайдаланудың салдарынан оқыс оқиға орын алып, соңы қайғылы жағдайларға әкеліп соғуда. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Жасболат Бержановтың айтуынша, жыл басынан бері Атырауда 243 өрт оқиғасы тіркеліп, 12 адам қаза тапқан. «Тілсіз жаудың» салдарынан келтірілген материалдық шығын 23 млн. теңгеден асып кеткен. 126 өрт тұрғын үйлерде, 64-і автокөліктерде болған.

Тағы бір ескере кететін жайт, бүгінде аймақта газбен улану деректері көбейіп отыр. Сондықтан мамандар көппәтерлі үйлердегі газ қондырғыларының техникалық ақаулығын тексеру қажеттігін ескертеді. Қазіргі таңда бұл қызмет  «ҚазТрансГаз-Аймақ» акционерлік қоғамынан аутсорсинг арқылы Алмагүл мөлтекауданында орналасқан «Атырау» аймақтық корпоративтік басқару орталығына тапсырылған.

– Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың уақытылы алдын алу және жоюға департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінен тартылатын күштер мен құралдар ретінде барлығы жеке құрамдағы 224 адам, 53 бірлік жоғары өтімді техника және 2 бірлік тікұшақ қарастырылды. Осылайша, біз қысқы кезеңде орын алуы ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алуға дайынбыз, — деді Ж.Бержанов.

 

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button