Қайрат Оразбаев: «Әйел ана мемлекетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосуда

img 20200307 wa0057 Жаңалықтар

Atr.kz/8 наурыз, 2020 жыл. Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев нәзік жандарды мерекемен құттықтады.

«Құрметті аналар, апа-қарындастар!

Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Бұл ғажап мерекеміз  жүз жылдан астам уақыт әлемнің көптеген елдерінде атап өтілуде.
Әйелдердің міндетінің орны ерекше, олар ошақ қасының, отбасы құндылықтарының қамқоршысы ғана емес, ер азаматтармен бірге қызмет қылып, мемлекетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосуда.

Бүгін де аруларымыз ғылымда, білімде, кәсіпкерлікте және билікте де үлкен жетістіктерге жетті. Әйелдер кез-келген саладағы ең күрделі мәселелерді шешуде өздеріне жауапкершілік алуда.

Ал өмірдің барлық сынақтарында аналарымыз бен әйелдердің рухының күші бізге қолдау көрсетуді тоқтатпайды, батыл қадамдар мен жаңа жетістіктерге шабыттандырады.

Осы тамаша күні барша аналарға шын жүректен мықты денсаулық, мерекелік көңіл-күй, үйлеріңізге жылу мен жайлылық, шабыт пен сәттілік тілеймін» делінген құттықтауда.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrau-t%d2%b1r%d2%93ynynan-126-kilo-bekire-t%d3%99rkilendi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз