Жарнама
Жаңалықтар

Құрметті атыраулықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!

photo_173478

Тәуелсіздіктің 25 жылдық шежіресінде ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, әлемге  жасампаз мемлекет ретінде танылдық.

Қазақстанның  мемлекеттік рәміздері қабылданып, шекарамыз достық дипломатиямен бекіді. Ұлттық және демократиялық құндылықтар Ата Заңымызда айқын көрініс тапты.

Әлемдегі алпауыт елдер Қазақстанмен экономикалық іскерлік қарым-қатынас орнатып, сауда-саттық саласында стратегиялық әріптестерге айналды. Ғасырлар бойы бабалар армандаған Тәуелсіздіктің көк туы зеңгір аспанда желбіреді.

Егемендіктің ең басты байрағы – бейбітшілік пен келісім, тыныштық пен тұрақтылық. Осының арқасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал  саясаткер-лігімен Ұлы даламыз дамудың даңғыл жолына түсті.

Еңсесін тік түзеген мемлекетіміз  әлемдегі озық отыз елдің санатына ену үшін «Қазақстан–2050» стратегиясын қабылдап, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыра бастады.

Егемендік Атырау облысының да жедел қарқынмен дамуына айрықша серпін берді. Бұл көмірсутекті шикізатты өндіру көлемінің өсуі, құрылыс индустриясы мен өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа өндіріс орындарының көптеп ашылуынан айқын көрінеді.

Қадірлі жерлестер!

Ақжарқын, меймандос атыраулықтардың арманы асқақ, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Мәңгілік еліміздің ұрпағы ұранды, Ұлы даламыз думанды болсын!

Құрметпен,

Нұрлан НОҒАЕВ,

Атырау облысының әкімі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button