Атырау «қызыл аймақта: бір тәулікте 89 адамнан коронавирус анықталды

snimok 10 COVID-19: Соңғы поштадан...

«325 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда» деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 52 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 5 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 5, Индерде 4, Исатай ауданында – 8, Қызылқоғада – 6, Махамбет ауданында – 2, Құрманғазыда 1, Мақат ауданында.- 6 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 53 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 30 адам емделіп шықты.


Қазіргі уақытта 404 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 114,
№2 облыстық ауруханада -97, фтизиопульманологиялық орталықта -6, аудандық инфекциялық стационарларда – 43 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 43 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймаққа өтті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз