Әріптеске – ақ тілек

14358709 303792716679963 3157149927734608370 n Жаңалықтар

Ерболат Қаменов «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті  белгілі  журналист Жандос Бәделұлы атқарған болатын. 

14358709_303792716679963_3157149927734608370_n

Ерболат Тілекқабылұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Ол республикалық «Алтын Орда» газетінде еңбек жолын бастады. Кейін «Астана ақшамы» газетінің директор-бас редакторы, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің жетекші сарапшысы  болды.

Осы  қызметке  тағайындалғанға  дейін «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры  лауазымын атқарды.

Әріптесімізге жаңа қызметінде шығармашылық табыс тілейміз!

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз