РЕЗЕҢКЕНІ АУДАНДА ӨҢДЕЙДІ
Бүгінде аудан халқына 149 сауда объектілері, 1 базар, 38 қоғамдық тамақтандыру, 56 халыққа қызмет көрсету және 19 өндіріс орны жұмыс істеуде. Өткен жылы 3 жылыжай, 1 наубайхана және 24 қызмет көрсету орны, барлығы 28 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, 57 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жалпы 2014 жылы кәсіпкерлер барлық қаржыландыру көздері бойынша 532,5 млн. теңге несиеге қол жеткізді. Кәсіпкерлерге берілген несие 2013 жылмен салыстырғанда 29,3 пайызға өсіп отыр.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша аудан аумағынан «Резеңке өнімдерін өңдеу және өнімдерін шығару» зауытын іске қосу жоспарлануда. Жоба құны – 91,5 млн. теңге. Зауыт неміс технологиясы бойынша 36 түрлі өнім шығарып, 26 адамды жұмыспен қамтитын болады.
Мағрупа ҚАЗИХАН.
Қызылқоға ауданы.