ҚР Президенті Владимир Зеленскийді сайлаудағы жеңісімен құттықтады

10548 big Жаңалықтар

Аtr.kz/22 сәуір, 2019 жыл. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийдің Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

«Владимир Зеленскийге Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым», – деп жазады ҚР Президенті твиттердегі парақшасында.

Еске сала кетейік, сайлаудың соңғы қорытындысы бойынша Владимир Зеленский көш бастап тұр, оған тұрғындардың 73,04% дауыс берген. Ал Петр Порошенконы сайлаушылардың 24,61% жақтаған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз