Республикалық универсиадада атыраулық балуандар үздік нәтиже көрсетті

IMG 5555 Жаңалықтар

Талдықорған қаласында 8-14 қазан аралығында самбо мен дзюдо күресінен студенттер арасында ІХ республикалық универсиада өтті. Жарыста атыраулық студенттер жоғары нәтижеге қол жеткізді.

IMG_5555Атап айтқанда, самбо күресінен Парасат Жұмабай, Сайда Қапсалиқова бірінші орынды иеленсе, екінші және үшінші орынға Аманжан Әбу мен Райымбек Ашықбаев лайық деп саналды. Қыздар арасында Гүлдана Сәрсенова қола медалді еншіледі.

Ал, дзюдодан Сайда Қапсалиқова екінші, Бағытжан Амангелді үшінші орынға жайғасты. Жарысқа Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Алпысбай Аралбаев, алғашқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Рафаэль Хабиров төрелік етті.
Сонымен қатар, Сербияда жастар арасында өткен әлем біріншілігінде Дәурен Болатбек пен Айдынбай Қайырберді қола жүлдені қанжығаға байлап қайтты.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Асем Жанатовна

    Жарайсыңдар өрендер! Осы беттеріннен таймаңдар!

  2. Сәбит

    Жарайсындар жас батырлар. Биіктен көрінуге жазсын!

  3. Еңлік

    Жас палуандар еліміздің атын әлемге шығандатып шығара берсін!

  4. Рауан

    Қолдаймыз! Мұндай спортсүйер жандарға барлық жағдай жасаған дұрыс.

  5. Дария

    Спорт десе ішкен асын жерге қоятын қауымға үлкен жаңалық екен.

  6. Танакөз

    Менің ағам осы спорт түрін жанынан артық жақсы көреді. Сәттілік тілеймін баршасына.

  7. Орынтай

    Қазақ елінде палуандар өте көп болған. Осындай мықт, рухты халықтың ұрпағы одан мықты болуы керек.

  8. Жанна

    Біз осал ұрпақ емеспіз. Қажымұқандай балуан шыққанда, біздің осал болуымыз тіпті ұят нәрсе.

  9. Жанна

    Палуандарымыз мықты әрі көп болса, бізді ешқандай жау алмайтыны анық.

  10. Шұғыла

    Еліміздің атын шығаратын осындай мықты жігіттеріміз көп бола берсін.

  11. Балым

    Қазақ батыр ел, ұрпағы да палуан болуы заңдылық.

  12. Айка

    Поздравляю!!! Спорт это жизнь! Вот такие молодые спортсмены должны быть всем примером для подражания

  13. Гүлназ

    Атыраулық палуандарға «жарайсыңдар, жігіттер» дегеннен басқа айтарымыз жоқ. Мұндай палуандар әлемді де мойындатуға күш салуымыз қажет.

  14. Нара

    Универсиадада топжарған «арыстандай айбатты» жігіттерге ары қарай сәттілік серік болсын дегіміз келеді.

  15. Ұлан

    Осындай мықты спортсмендерді көргенде қазақтарды спорттан құр алақан деп айтуға бола ма? Жалынды жастар мемлекеттің мерейін үстемдете берсін!

  16. Ханшайым

    Біз осындай палуандарымызды дәріптеу арқылы әлемді аузымызға қаратуымыз қажет.

  17. Әлия

    Жастарды осылай күрестіріп, спортқа бағыттасақ, олар небір жаман жолдарға түспейтін болады.