Жарнама
БілімЖаңалықтар

Республикалық балалар форумына атыраулық өнерлі оқушылар да қатысып келді

Өткен қараша айы ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен Астана қаласында «Балаға мейірімді Қазақстан» атты халықаралық конференция өтіп, оның аясында республикалық балалар форумының диалогтық алаңына және өнерлі балалардың форум-фестивалінің мерекелік гала-концертіне еліміздегі ең өнерлі, ең білімді шәкірттері қатысу құрметіне ие болды.

IMG_6757

Осынау үлкен шараға кең байтақ Қазақстанымыздың түкпір-түкпірінен түрлі әлеуметтік жоба мен ғылыми жұмыстардың жеңімпаздары, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары – барлығы 400-ден астам бала қатысса, Атырау облысы атынан Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының ерекше деген жиырма шәкірті барды. Олар оқушылар сарайында өткен фестивальдің ашылу рәсімінде өз облыстарын таныстырып, тамаша өнерін көрсетті.

Балалар форум бағдарламасы негізінде экскурсияға шығып, диалогтік алаңда шетелдік және отандық сарапшылармен «дөңгелек үстелде» пікір алмасты. Әсіресе, «Бала және заң», «Баланың көзқарасын құрметтеу», «Бала және отбасы», «Бала және оның құқықтары», «Балалар және зорлық-зомбылықпен күрес», «Бала және денсаулық», «Мүмкіндіктері шектеулі балалар», «Бала және кәсіпкерлік», «Бала және қоршаған ортаның жағдайы», «Балалар және білім алу, мектепке дейінгі тәрбие» деген тақырыптарда өткен пікір алмасулар балалар үшін қызықты болды. Олар аталған проблемалық мәселелер туралы өз ой-пікірлерін ашық айтып, жоғарғы билік өкілдеріне ұсыныстарын жеткізе білді.

«Ойда жүрген көптеген ұсыныстарымызды айттық. Бізге бәрі ұнады. Осындай басқосулар, пікір алмасу алаңдары жиі ұйымдастырылып тұрса дейміз. Бізді бастап барған ұстаздарымызға, үлкен шараға қатысуымызға мүмкіндік жасаған облыстық білім беру басқармасының басшылығына алғысымыз шексіз!»,-дейді Кіші өнер академиясының оқушылары.

Лиза СЕЙТІМОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button