АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚЫЗУДА

Атырауда жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімін әкелетін жәрмеңке қыза түсті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған жәрмеңкеде барлық өнім арзан бағада өткізілуде.

 

«Бірінші кезекте, өнім сырттан әкелінбеген, жергілікті. Бұл бағасынан да белгілі. Мысалы, қызанақ – 100 теңге, базарда 150, картоп – 70, базарда 100-120 теңге», – деді сатып алушылардың бірі Ботагөз Әубекерова.

Демалыс күндері барлық қалалықтардың бір аптаға өнім сатып алу үшін базарға асығуы дәстүрге айналған. Әсіресе, қазір маусым кезінде.   Вокзал маңында  барлық периметр бойынша сауда қатарлары орналастырылады.  Мұнда көкөніс, жеміс-жидек, ет, балық сүт өнімдері тиелген көліктер өз өнімдерін әкеледі.

«Махамбет ауданының «Дастан» шаруашылық қожалығынан сатып алдым. Кезек ұзын-сонар болса да, бір келі картопты 70 теңгеге сатып аласың. Қарбыздардың келісі 50 теңгеден. Баялды 100 теңге, пияз 80 теңге. Сүт фермасы ешкі сүтінен жасалған қышқыл сүт  өнімдерін алып келді», – деп әсерімен бөлісті қала тұрғыны А.Приходько.

Өңірдегі белгілі «Амангелді» өндірістік кооперативі жәрмеңкеге келісі 270 теңгеден жаңа ауланған сазандарды, кептірілген балықтарды  жеткізеді. Нарыққа жуырда шыққан «Алмалы құс» кәсіпорнының жұмыртқаларының өтімділігі байқалады.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз