Республика күні: қайда? қашан, не өтеді?

hvklkp Жаңалықтар

25 ҚАЗАН КҮНІ ТУТҰҒЫР ОРНАЛАСҚАН АЛАҢДА МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ САЛТАНАТТЫ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТЕДІ. СОНЫМЕН ҚАТАР, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША 20 БАЛАБАҚШАНЫҢ АУЛАСЫНА 1000 ТҮП ЖЕМІС КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛАТЫН БОЛАДЫ. РЕСПУБЛИКА КҮНІ АЯСЫНДА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАТЫН АКЦИЯ 21 ҚАЗАН КҮНІ АТЫРАУ ҚАЛАСЫ «НҰРСАЯ» ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ №29 «НҰРСАЯ» БӨБЕКЖАЙБАҚШАСЫНАН БАСТАУ АЛМАҚШЫ. АТАЛҒАН ШАРАҒА «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНЫҢ САРБАЗДАРЫ, БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МЕН АРДАГЕРЛЕР, БАЛАБАҚША БҮЛДІРШІНДЕРІ ҚАТЫСАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ГҮЛНҰР СҮЙЕУОВА ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН БРИФИНГТЕ АЙТЫП БЕРДІ.

Биыл он үш жылдан кейін Ұлттық жəне мемлекеттік мереке ретінде қоғамдық қолдауға ие болған Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралады. Осыған орай, бұл күнді ауқымды жəне бүкілхалықтық мереке ретінде қалыптастыру мақсатында Республика күнін мерекелеудің тұжырымдамасы əзірленіп, 52 тармақтан тұратын облыстық іс-шаралар жоспары жасақталып отыр.

– Республика күні аясында мемлекеттік Туды көтеру рəсімі басты оқиғаға айналып, мерекелік іс-шаралардың динамикасына тың серпін бермек. Ұйымдастыру-дайындық іс-шаралары негізінде Атырау қаласы мен аудандардың орталық алаңдары мен көшелерінде Республика күніне орай дайындалған баннерлер ілінуде. Салтанатты іс-шаралар 22-25 қазан аралығында өткізіледі. 22 қазан күні Атырау қаласы жəне аудандарда Республика күніне арналған салтанатты шаралар ұйымдастырылады. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілердің салтанатты ант қабылдау, мемлекеттік жəне ведомстволық наградалармен, Алғыс хаттармен, грамоталармен марапаттау шаралары өтеді, – деді Гүлнұр Жалғасқызы.

hbjnm23

Білім беру ұйымдарында жалпыреспубликалық «Атамекен» тақырыбында патриоттық диктант-конкурс, «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе жазу конкурсы мен «Қыран елім – Қазақстаным!» мəнерлеп оқу конкурсы, «Патриоттық дауысы» Гимнді жаппай орындау, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкелері, спорттық шаралар, көрмелер, мерекелік концерттер мен түрлі байқаулар ұйымдастырылатын болады.

Сонымен қатар, мереке аясында Атырау қаласы жəне аудандарда «Таза табиғат» жалпыреспубликалық экологиялық акциясын, бос жұмыс орындары жəрмеңкесін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Республика күні қарсаңында өңірде зейнеткерлік жастағы жалғызбасты жəне жалғызілікті адамдарға, мүгедектігі бар жандарға қайырымдылық көрсету мақсатында «Жанашыр жүрек» халықтық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз