Жаңалықтар
Ресейдің үш өңірінде қазақ мектептері ашылуы мүмкін
Қазақстанның Оқу-ағарту министрінің айтуынша, қазақ мектептері Астрахан, Орынбор және Томск қалаларында салынуы ықтимал. Қазіргі уақытта бұл мәселе талқылану сатысында. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
“Қазақ диаспорасы көп шоғырланған жерлерде қазақ мектептерін ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл жұмыс ресейлік әріптестермен бірлесіп жүргізілуде. Ұсыныс қолдау тапты. Бұған дейін Ресей Қазақстанның оңтүстігінде мектептер салуды жоспарлап отырғаны туралы айтылған. Бұл мәселе де талқылануда. Желтоқсан айында түпкілікті шешім қабылданады”, – деп мәлімдеді Ғани Бейсембаев.