Атырауда коронавирус жұқтырғандарды емдеу стационарлары 94 пайызға толды

1593432777 photo5463102206585712077 COVID-19: Соңғы поштадан...

№2 Атырау облыстық аурухана және модульдік ауруханадағы орындардың 94% толды.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте №2 Атырау облыстық ауруханасының директоры Мағжан Сиджанов мәлімдеді, деп хабарлайды аурухананың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта №2 Атырау облыстық ауруханасында 12, модульдік ауруханада 15 бос орын бар.

Модульдік аурухананың жансақтау бөлімінде 20 адам, оның ішінде 6 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған. №2 Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде 16 адам жатыр, – деді Мағжан Сиджанов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз