
Жаңалықтар
Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтырушылар саны азаяр емес
Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтыру мен вирус салдарынан көз жұму жағдайларының өршу деңгейі әлі де төмендеген жоқ.
Соңғы 24 сағат ішінде Ресей Федерациясында 24 471 адам коронавирус індетіне шалдықты. Өлім-жітімнің рекордтық саны да орын алуда. Шілде айының басынан бері елде күн сайын 700-ден астам адам қайтыс болады. Соңғы тәулікте коронавирустық инфекциядан 796 азамат көз жұмды.
Ауру салдарынан құрбан болу деректері ірі қалаларда көптеп тіркелуде: Мәскеуде-102 адам және Санкт – Петербургте өткен күні 95 науқас қайтыс болды.