Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Ресей 11,6 мың гектар жерді Қазақстанға қайтарады

Atr.kz/8 қараша, 2019 жыл. Енді Ресей Байқоңырда жалға алған 1,6 мың гектар жерді Қазақстан өз мақсатына пайдаланады.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. 

Хаттамаға екі ел президенттерінің қатысуымен 2017 жлғы 9 қарашада Челябинскіде өткен форумда қол қойылды.

Хаттамаға сәйкес, Ресей жалпы алаңы 11,6 мың гектар төрт жер учаскесін жалға алуды тоқтатылады. Төрт жер учаскесі Қазақстанның пайдалануына беріледі.

«Жалпы алаңы 1 740 гектар екі учаске Қармақшы ауданы Төретам кентін кеңейту үшін, сондай-ақ 9 950 гектар екі учаске «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізін, «Алматы-Мәскеу» теміржолын салу және «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының желілік бөлігі үшін алынып отыр», — деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.    

Министрдің айтуынша, жер телімдері Қызылорда облысының дамуы үшін қажет. Осы шаралар өңірдің әлеуметтік жағдайына және экономикасына оң әсерін тигізеді. 

Сондай-ақ, шарттың екінші қосымшасында «Байқоңыр» кешенінің технологиялық және техникалық нысандарының, тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлауы аудандарының координаттары көрсетілген.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button