БҚО-да тасқынның екінші толқыны басталды

img 20240410 wa0320 Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқыны басталды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филиалының мамандары мәлімдеді.

Олардың сөзіне сенсек, Жайық өзенінің жоғары бөлігінде су деңгейі айтарлықтай төмендегенімен, БҚО аймағындағы Январцево гидропостында су деңгейі тәулік ішінде 16 сантиметрге көтерілген. Ал Индербор гидропостында – 9 см, Махамбетте – 8 см, Атырау қаласында – 9 сантиметрге көбейген.
Ал Жем өзенінің суы бір тәулікте 11 сантиметрге азайса, Қиғаш-Шортанбай гидро бекетінде су деңгейі 6 сантиметрге артыпты.

Айта кету керек, Иректі суқоймасынан секундына 349 текше метр су жіберілуде.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз