Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Рекорд жаңарды

Классикалық спринтте екі шаңғышымыз жеңіс тұғырынан көрінді. Ерлер арасындағы сында Иван Люфт алтын медальға ие болды. Отандастарымыздың қатарынан бұл сынға Олжас Климин, Александр Малышев және Иван Люфт қатысқан еді. Олардың қарсыластары ресейлік шаңғышылар болды. Жарыс нәтижесінде Люфт жеңіске жетті.

рекорд жанарды

Ал, әйелдер арасындағы бәсекеде Анна Стоян қоланы қанжығасына байлады. Ол финалдық сында ресейлік Мария Давыденко мен Лилия Васильеваға ғана жол беріп, жеңімпаздан 7.11 секундқа қалып қойды.

Фристайл (могул) мен шаңғы жарысының спринттік бәсекесі аяқталған соң Қазақстан медаль саны бойынша жеке рекордын жаңартты. Құрама еншісінде сегіз алтын, екі күміс және сегіз қола, жалпы саны 18 медаль болды. Осыған дейінгі Қазақстан рекорды  – 11 медаль еді.

Айгүл Ертілеу

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button