Жарнама
Жаңалықтар

Редакция құрамы

1 nazarbek
«Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы — ҚОСШИЕВ Назарбек Төлеуішұлы

1976 жылдың 24 тамызында дүниеге келген. Бiлiмi – жоғары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филология және экономика факультеттерін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Қызылқоға ауданы Энгельс атындағы кеңшардың жұмысшысы болып бастаған. 1993-2020 ж.ж. — Атырау облыстық телерадиокомпаниясы, кейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалының бейнемонтаждаушысы, телеоператоры, дикторы, Атырау қалалық телеарнасының жауапты редакторы, телекомментатор, аға редактор, телеарнаның Индер ауданы бойынша штаттан тыс тілшісі, шеф редактор, продюсер, директордың орынбасары-бас редактор.
Әр жылдары облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бөлім редакторы, облыстық «InterYes» жастар газетінің бас редакторы, «Атырау-Ақпарат» КМК мониторинг және сапа менеджменті бөлімінің бастығы, «Атырау TODAY» газетінің бас редакторы (қосымша), Индер аудандық «Дендер» газетінің бас редакторы; мемлекеттік қызмет саласында – Атырау қаласы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Индер ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру, кадрмен жұмыс және мемлекеттік құқық бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппараты мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және кадрмен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Индер аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, Атырау облысы әкімі аппаратының бас маманы-баспасөз хатшысы болып жұмыс жасаған.
Атырау телевизиясы тарихында бірнеше ақпаратты-сараптау бағдарламалардың идеялық авторы әрі жүргізушісі, көптеген телехабарлар мен циклдардың, «Хазардан – Қазаққа дейін…» тарихи-мәдени телеэкспедициялық жобасы, бірнеше тарихи-танымдық бейнефильмдердің авторы. Оннан астам тарихи-танымдық кiтаптардың авторы, бірнеше энциклопедиялық жинақтардың құрастырушысы.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, Атырау облысының және Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамоталарымен, көптеген алғыс хаттармен марапатталған. Халықаралық «Шабыт-2004» фестивалiнiң дипломанты, профессор Т.Амандосов атындағы Атырау облысы әкімі сыйлығының иегері.

2 azamat
«Атырау» қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары — БАЗАРБАЕВ Азамат Сансызбайұлы

Индер ауданында 1973 жылы 13 тамызда дүниеге келген.
Еңбек жолын Индер аудандық «Дендер» газетінде корректор болып бастаған. Одан соң шекара әскері қатарында Отан алдындағы борышын өтеп, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін бітірген. 1998-2006 ж.ж. – облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, бөлім редакторы. 2006 жылы – республикалық «Алтын Орда» апталық газеті бас редакторының орынбасары. Бұған дейін – «Атырау» газетінің бөлім меңгерушісі.
Республикалық С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты. Атырау облысы әкімі Алғыс хатының, облыстық прокуратура, сот, ішкі істер департаменті басшылығы арнайы сыйлықтарының иегері. «Теңізшевройл» ЖШС ұйымдастырған журналистер арасындағы конкурстардың бірнеше мәрте жүлдегері.
Отбасылы.

3 nurym
«Атырау» қоғамдық-саяси газетінің әдеби редакторы — ЕРҒАЛИЕВ Нұрым Тельманұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика бөлімін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1987 жылы Балықшы аудандық «Каспий таңы» газетінде тілші болып бастап, бөлім меңгерушісі, ауданның таратылуына байланысты Құрманғазы аудандық «Серпер» газетіне ауысып, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып жұмыс жасаған. 2001-2004 ж.ж. – облыстық «Атырау» газеті ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 2004-2020 ж.ж. – Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы», Исатай аудандық «Нарын таңы» газеттерінің бас редакторы, «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспаханасының әдеби редакторы, облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті бас редакторының бірінші орынбасары.
Махамбет аудандық Мәслихаты бірнеше шақырылымының депутаты, аудандық сот жанындағы алқа билер мүшесі қоғамдық қызметтерін атқарған.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. ҚР Ақпарат министрлігі және Атырау облысы әкімінің Құрмет грамоталарының, Т.Амандосов атындағы Атырау облысы әкімі сыйлығының иегері.
«Ер кезегі», «Шіркін, дәурен!», «Қиғаш» өлең жинақтары, «Сөнбес сәуле» деректі әңгімелер мен эссе жинақтары жарық көрген.

4 dauren
«Атырау» қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы — МҰХАМБЕТАЛИЕВ Дәурен Қуанышұлы

1987 жылы 6 маусымда Мақат ауданының Доссор кентінде дүниеге келген.
Еңбек жолын 2006 жылы Мақат ауданындағы «Мұнайшы» газетінде көркемдеуші-дизайнер қызметінен бастаған. 2007 жылдан облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы дизайнерлер цехының басшысы, жауапты хатшының орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылдың наурыз айынан – «Атырау» газетінің жауапты хатшысы.
Үлгілі қызметі үшін Атырау облысы және қаласы әкімдерінің, салалық құрылымдардың Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болған.
Отбасылы, бір ұлы, бір қызы бар.

5tamara
Хатшы-референт — ТАЙТЕКОВА Тамара Маратқызы

1971 жылы 11 қыркүйекте Гурьев қаласында туған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «физика-информатика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген (2000).
Облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінде 1995 жылдан бері еңбек етеді. Редакция курьері, теруші, хатшы-референт болып жұмыс жасаған. Қазір – «Атырау» газеті редакциясының хатшы-референті.

6 amirova
Қоғамдық-саяси бөлімнің меңгерушісі — ӘМІРОВА Гүлжан Тасболатқызы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы республикалық «Алтын Орда» газетінде тілші болып бастап, жауапты хатшы, бөлім редакторы, шеф редактор қызметтерін атқарған. 2012 жылдан – облыстық «Атырау» газетінде бөлім редакторы, жауапты хатшы, әдеби редактор, бас редактордың орынбасары.

7 sejtimova
Қоғамдық-саяси бөлімнің аға тілшісі — СЕЙТІМОВА Лиза Шайхашқызы

1963 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.
Еңбек жолы 1985 жылы Маңғыстау облысында мектеп мұғалімі болып бастады. 1990 жылдан – облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, бөлім редакторы, аға тілшісі.
Журналистер арасындағы «Жүректен – жүрекке» Ұлттық байқауының жеңімпазы (2000), республикалық «Премьер-сақтандыру» конкурсының жүлдегері (2005), Атырау облысы әкімінің «Үздік журналист-2004» номинациясының иегері. Профессор Т.Амандосов атындағы Атырау облысы әкімі сыйлығының лауреаты.

8 aktazhieva
Қоғамдық-саяси бөлімнің тілшісі — АҚТӘЖИЕВА Салтанат Сансызбайқызы

1989 жылы 20 қаңтарда Атырау облысы Қызылқоға ауданының Қаракөл селосында дүниеге келген.
Қаракөл орта мектебін (2006), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша (2010) бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы республикалық «Алтын Орда» тәуелсіз газетінің Атырау облысындағы меншікті тілшісі болып бастаған. 2012 жылдан – «Атырау-Ақпарат» ЖШС облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі, «Шежіре» кітап дайындау орталығының редакторы, баспахана түптеушісі, облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.
Отбасылы.

9 aruev
Шолушы — АРУЕВ Дәулетқали Латифұлы

1963 жылғы 25 маусымда Махамбет селосында дүниеге келген. Махамбет (қазір Е.Ағелеуов атындағы) орта мектепті (1980), Атырау теміржол-көлік техникумын (1983), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1992) бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газеті редакциясының корректоры болып бастап, әдеби қызметкер, радио хабарларын ұйымдастырушы, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1993-1996 ж.ж. – Балықшы аудандық «Каспий таңы» газеті бас редакторының орынбасары-жауапты хатшы, «Балықшы» телеарнасының редакторы, 1996-2007 ж.ж. – облыстық «Атырау» газетінің бөлім редакторы, 2007-2012 ж.ж. – Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы. 2012-2016 ж.ж. – облыстық «Атырау» газетінің жоғары санатты тілшісі, экономикалық және әлеуметтік мәселелер бөлімінің меңгерушісі. 2016 жылғы сәуір-желтоқсан – Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, профессор Т.Амандосов атындағы Атырау облысы әкімі сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасы салалық кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен, Атырау облысы және қаласы, Исатай ауданы әкімдерінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

10 zhanabaj
Шолушы — ЖАҢАБАЙ Мұратбек Төлегенұлы

1975 жылы 3 тамызда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосында дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы №19 қазақ орта мектебін (1992), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филология факультетін (1997) бітірген.
Еңбек жолын Атырау қаласындағы №3 орта мектебі қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1997-2007 ж.ж. – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Атырау тасымалдау бөлімшесі» филиалының аудармашысы, 2009-2011 ж.ж. – Атырау облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы, 2011-2014 ж.ж. – Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясының ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, 2018 жылғы ақпаннан – облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.

11 kurmasheva
Құқық қорғау және экология бөлімінің меңгерушісі — ҚҰРМАШЕВА Алтыншаш Нәсіпқалиқызы

1989 жылы 2 қаңтарда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылында туған. 2010 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің гуманитарлық факультеті журналистика бөлімін үздік дипломмен бітірген.
Еңбек жолы 2011 жылы тамызда облыстық «Атырау» газетінің тілшісі болып басталған. Кейін басылымның құқық қорғау және экология бөлімінің аға тілшісі, корректор қызметтерін атқарған.

12 nietkalieva
Мәдениет, білім, денсаулық және спорт бөлімінің меңгерушісі — НИЕТҚАЛИЕВА Гүлзада Рахметқызы

Атырау (Гурьев) облысы Құрманғазы (Теңіз) ауданы, Көптоғай ауылында дүниеге келген. 1972 жылы С.Мұқанов (бұрынғы М.И.Калинин) атындағы орта мектепке барып, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірген. Гурьев педагогика институты тарих факультетінің түлегі.
1987-2000 ж.ж. – Атырау облысы Құрманғазы ауданының мектептерінде ұстаздық еткен. 2000-2005 ж.ж. – Атырау облыстық телерадиокомпаниясының редакторы, 2005-2014 ж.ж. – «Ақ Жайық» апталық газетінің аға редакторы, Атырау облыстық прокуратурасы «Қайсар» газетінің бас редакторы. 2014 жылдан – «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.
ЮНЕСКО көлемінде тойланған Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы аясындағы «Махамбет-200» телехабарлар сериясының (2003) авторы әрі жүргізушісі, «Қарой қасіреті» дастанының авторы.
«Ақбота күнді аңсаумен», «Айдың сүттей сәулесі», «Қарлығашы Қиғаштың», «Ардақтым», «Аллажар», «Жүректегі жанартау», «Хазар қасидалары» жыр-жинақтары, «Тұма жырдың тұнығы» (ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Е.Раушановтың шығармашылығы туралы), «Дара» (жазушы-драматург Р.Отарбаевтың шығармашылығы жөнінде) монографиялық еңбектердің авторы. Қазақ диаспорасының қолдауымен «Жүректегі иман гүлі» мінәжат дастаны (2017, Ұлыбритания) жарық көрген.
Филология ғылымдарының кандидаты. Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты (2003).

13 zhambozova
Мәдениет, білім, денсаулық және спорт бөлімінің тілшісі — ЖАМБОЗОВА Гүлдана Ерланқызы

1995 жылы 10 қаңтарда Қызылқоға ауданының Қаракөл ауылында дүниеге келген. Х.Досмұxамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Филология магистрі.
Еңбек жолын 2017 жылы облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінде корректор болып бастаған. Қазір – газет тілшісі.
Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен марапатталған.

14 ramazanova
Аға бет құрушы — РАМАЗАНОВА Сая Сағынғалиқызы

1980 жылы 1 қаңтарда Құрманғазы ауданы, Нұржау селосында дүниеге келген. Атырау агротехникалық колледжін «бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша (1999), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «қаржы және несие» факультетін (2007) бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Атырау облыстық мектеп-интернатының есепшісі болып бастаған. 2002-2006 ж.ж. — «Газета «Туран» ЖШС-нің дизайнер-бет құрушысы, 2006 жылдан – облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің дизайнер-бет құрушысы.
Отбасылы.

15 zholdybaeva
Бет құрушы — ЖОЛДЫБАЕВА Айнагүл Николайқызы

1974 жылы 26 каңтарда Атырау қаласында дүниеге келген. №15 Абай атындағы орта мектепті бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің корректоры болып бастаған. Кейін редакцияның терушісі, бірінші санатты бет құрушы-дизайнері қызметтерін атқарған.
Үлгілі қызметі үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет грамотасымен, Атырау облысы және қаласы әкімдерінің, салалық құрылымдардың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.
Жанұялы, екі ұлы бар.

16 altybaev
Фототілші — АЛТЫБАЕВ Ерлан Сәкенбайұлы

1972 жылы 13 желтоқсанда Махамбет ауданы, Таңдай селосында дүниеге келген. А.С.Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогикалық институты «бейнелеу өнері» факультетінде оқыған.
2000 жылдан – облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің беттеуші-дизайнері, фототілшісі.
Отбасылы.

17 eleusinova
Теруші — ЕЛЕУСІНОВА Клара Сейітжанқызы

1968 жылы 6 желтоқсанда Гурьев қаласында дүниеге келген. Н.К.Крупская атындағы орта мектепті бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық «Коммунистік еңбек» («Атырау») газетінің редакциясында машинистка болып бастаған. 1997 жылдан – облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті компьютер цехының терушісі, хатшы-референт.

18 abilhanova
Корректор — ӘБІЛХАЙЫРОВА Эльмира Жолдасқызы

1976 жылы 5 қарашада Балықшы поселкесінде дүниеге келген. Ә.Жангелдин атындағы орта мектепті, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау педагогикалық университетін «ұлттық мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша (1998) бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Балықшы аудандық «Каспий таңы» газетінің тілшісі болып бастаған. 2002 жылдан – «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының (кейін – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) қызметкері, облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің корректоры.

19 shomazhanova
Корректор — ШОМАЖАНОВА Алтын Қайырлықызы

1974 жылы 13 шілдеде Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
1997-2005 ж.ж. – Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясының мұғалімі. 2006 жылдан – облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің корректоры.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button