Жарнама
Жаңалықтар

Қызылқоғалық тыл ардагері 100 жасқа толды

Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Қадыржанұлы тыл ардагері, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Ұлжан Темірболатованың үйіне арнайы барып, оны ғасырлық мерейтойымен құттықтады,- деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Аудан басшысы ардагердің иығына шапан жауып, өз атынан құттықтау хатын және қаржылай сыйлығын табыс етті.

Аудан әкімдігінен білгеніміздей, жастайынан тылда еңбек етіп, талай қиындықты еңсерген Ұлжан әжей – тағдыр тауқыметін жеңіп, қайсарлық пен еңбекқорлықтың үлгісін көрсеткен жандардың бірі. Ол 1925 жылы 25 ақпанда Индер ауданы Жарсуат ауылында дүниеге келген. Балалық шағы 1931-1932 жылдардағы ашаршылық кезеңімен тұспа-тұс келіп, сол зұлматты бастан өткерген. Алайда, ес жия бастағанда Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, жастайынан тыл еңбегіне араласқан. Соғыс аяқталған соң майдангер «ПМК-907» мекемесінде сылақшы болып еңбек етіп, осы салада зейнеткерлікке шыққан. Кездесу барысында Ұлжан әжей аудан басшысына ақ батасын беріп, аналық тілегін жолдады. Бұл тағылымды жүздесу – аға буынға деген құрмет пен ізеттің жарқын көрінісі болды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button