Қызылқоға Мақат ауданына жер беріп жатыр

img 20210128 wa0039 Жаңалықтар

Қызылқоға ауданының 413 мың гектар жер телімін Мақат ауданының жер қорына қосу құжаттары облыстық жер басқармасында дайындалуда.

Бұл туралы аудан әкімі Шәкір Кейкин онлайн есеп беру кезінде мәлімдеді.

–  Жоспар бойынша облыстың әкімдік қаулысымен ағымдағы жылдың ақпан айында берілуі жоспарлануда. Осы жұмыстың нәтижесінде Мақат ауданына қосымша  15 шаруа қожалығы қосылып, ауданымыздың шабындық және жайылым жерлері көбейіп, өздерінің шаруа қожалықтарын ашамын деп отырған шаруагерлерге үлкен мүмкіндік туатыны сөзсіз. Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен аудандағы аз қамтылған 74 отбасыға (Мақат кенті – 44, Доссор кенті – 30) азық-түлік тауарлары таратылды- деді Кейкин.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз