Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Қызылқоға ауданында сүт өңдеу цехы ашылады

«Жалпы құны 265 млн. теңгені құрайтын цех тәулігіне 2 тонна сүт және сүт өнімдерін өңдейді» деп хабарлайды Atr.kz

Алдағы бес жылда Атырау облысында 10 ірі инвестициялық жоба жүзеге асады.

«Бұл туралы өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен Атырау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиынында айтылды»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.


Аталған жобалардың екеуі — агросалаға бағытталған. Мәселен, Құрманғазы ауданынан жалпы құны 200 млн. теңгені құрайтын заманауи технологиялармен жабдықталған балық өңдеу цехы салынады.

Сондай-ақ, Атырау қаласында газ-химиялық кешенінің құрылысы мен «Қашаған» кен орнында газ өңдеу зауытының құрылыс жобалары жоспарда. Бір ғана «Қашаған» жобасы бойынша, құрылыс кезеңінде 2 800 жұмыс орны және жоба іске қосылған соң  600 тұрақты жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

img 20210218 wa0111

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button