СҰҢҒАТ ЗАКАРИЯЕВ БЕСІНШІ РЕТ «АТЫРАУ БАРЫСЫ» АТАНДЫ (+ФОТОРЕПОРТАЖ)

59993741 2418580245029019 8224646596978016256 n Жаңалықтар

Аtr.kz/13 мамыр, 2019 жыл. «Атырау» спорт кешенінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен өткізілетін «Қазақстан барысы» республикалық турниріне облыстық іріктеу сайысы өтті.

Биылғы жарыста әсем спорт ғимаратының негізгі алаңының екі қапталына  екі киіз үй орнатылып, Атырау қаласы және өңіріміздегі  барлық аудандардан іріктеліп келген сайдың тасындай 16 балуан теңдей жарылып, иықтарына арлан терісін жамыла ортаға шықты. Сайыстың салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы  Нұржауған Төлеуова, ардагер спортшылар Асқар Бакенов,  Аманбай Қыздарбаевтар бақтарын сынауға шыққан балуандарға ақ жол тіледі. 

  Қызыққа толы белдесулер көрермендердің делебесін қыздыра келіп, үшінші орын үшін болған кездесуде Атырау қаласының намысын қорғаған Қайрат Өтеген биыл «Қызылқоға барысы» атанған  Руслан Ізғалиевке қауқар көрсете алмады. Ал, ақтық сайыста жылыойлық Бекболат Салықов тағы бір қызылқоғалық Сұңғат Закарияевке есе жіберді. Осылайша,  Сұңғат бесінші рет «Атырау барысы» атағын иеленді. Ол бұған дейін 2013-2016 жылдар аралығында қатарынан төрт жыл ешкімге дес бермеген еді.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Суреттер “Фейсбуктегі” “Atyrau Sport” парақшасынан алынды

60268437 2418581788362198 424664169837494272 n
59803224 2418581671695543 876233307602288640 n
59760114 2418581705028873 739885950133338112 n
59952721 2418581475028896 8888797730923610112 n
59928410 2418581595028884 4214374167425843200 n
60297297 2418581521695558 2400951310477164544 n
59781258 2418581378362239 5594079815096336384 n
59745197 2418581328362244 5090498215355088896 n
60143309 2418581288362248 7666094410894934016 n
60006300 2418581251695585 5298096829701816320 n
59837007 2418581191695591 6914936748589973504 n
59795305 2418581131695597 3909379090808832000 n
59726288 2418581078362269 2557014397490823168 n
60190475 2418581025028941 9064932020450230272 n
60066329 2418580901695620 6440947576597381120 n
59944619 2418580771695633 3368504942871445504 n
59754343 2418580721695638 1788107417762922496 n
60358790 2418580651695645 1060390763541561344 n
59919190 2418580608362316 5870906541976059904 n
60334947 2418580575028986 1826994691611033600 n
59683386 2418580531695657 6616468016513155072 n
59792206 2418580498362327 2046662426052526080 n
60104163 2418580438362333 8994273159821656064 n
59654182 2418580395029004 1567058391774265344 n
60290611 2418580351695675 2794179721322037248 n
60207567 2418580285029015 3018467766832201728 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз