Қызылқоға ауданында судан құтқару жұмыстары жүргізілуде

c068267b 0dae 4316 b95a 47bd6db1d169 Жаңалықтар

Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2023 жылғы 6 наурыздан 7 наурызға қараған түні нөсерлете жауған жаңбыр мен еріген қардың салдарынан Миялы ауылдық округінде судың деңгейі көтеріліп, ауылішілік су басу қаупі туындаған.

– Осыған байланысты Қызылқоға ауданы әкімдігі тарапынан жедел жұмыстар ұйымдастырылып, бірінші кезекте су басқан үйлерді құтқару жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда Миялы ауылында 4 вакуум, 6 мотопомпа, 5 Камаз автокөлігі, 2 тиегіш техника және басқа да арнайы құралдар қалтқысыз қызмет етуде,- деді Қ.Әзмұханов.  

Сондай-ақ оның айтуынша, Сағыз ауылының ішімен өтетін Ноғайты өзені өз арнасына толған. Оған да кеше және түнімен жауған жауын себеп болып отыр. Өзен жағалауын қалыпқа келтіру үшін 80-нен астам азамат жұмылдырылған. Қазіргі уақытта Ноғайты өзеніндегі су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Ал Сағыз өзенінде ағыс бәсеңдеген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз