49e78af629c0f8440366e124a36f7db8

Атырауда жасөспірімдер жарты жылда 18 үйді тонап үлгерген

Жаңалықтар Шаһар шырайы Қоғам Құқық

Атырауда тәртіп сақшыларының қолына түскен жасөспірімдер қала сыртындағы ықшамаудандардағы үйлерге ұрлыққа түскенін мойындады.

49e78af629c0f8440366e124a36f7db8

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық топ үш жасөспірім мен кәмелеттік жастағы бір адамнан құралған. Олар осы жылдың наурызы мен қыркүйек айлары аралығында Мирас, Жұлдыз, Көктем, Ақжар мөлтекаудандарындағы жеке үйлерді тонаған. Көбінесе, үй жабдықтары мен тұрмыстық техниканы және ақшаны қолды еткен. Бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары басталып та кетті. Ал, 20 жастағы күдікті уақытша тергеу изоляторына алынды.

Мөлдір БАЛТАБЕКҚЫЗЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған