Жарнама
Жаңалықтар

Қызылқоға ауданында шамамен 2,7 млн шабақ құтқарылды

Тасшағыл ауылдық округі аумағынан көктемгі су тасқынынан бөлінген екі жайылма учаскеден екі миллион жеті жүз мыңдай мөңке балық шабақтары құтқарылды, деп хабарлайды Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құтқарылған балықтар Арал және Бәйтік көлдеріне жіберілді. Аталған көлдердің орташа тереңдігі 2,5-3 метр шамасында және жіберілген шабақтардың емін-еркін өсіп-өнуіне қолайлы. Сонымен қатар, құтқарылған шабақтармен қатар бөлініп қалған су айдынының тереңдігі аз болуы және судағы оттегі мөлшерінің күрт азаю салдарынан 1,7 кг өлі мөңке балығының шабақтары табылып, жойылды.

Құтқару жұмыстарына МТЗ-82 тракторы тіркемесімен, жылжымалы су тасығыш бөшкелі тіркеме, Hidromek тракторы, Газель автокөлігі, тартылып, 6 контейнер, 3 бөшке, 1 мотопомпа пайдаланылды. Аталған жұмыстарға жауапты тұлғалармен қатар, 13 ерікті ауыл тұрғыны қатысты. Қазіргі таңда, бөлініп қалған екі жайылма толықтай тазартылды,- деді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button