Жаңалықтар
Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды
Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Руслан Адилов тағайындалды.
Руслан Адилов 1978 жылы дүниеге келген, Атырау облысының тумасы. ҚР ІІМ-нің Заң институты академиясының түлегі. Еңбек жолын 1998 жылы Атырау облысы ІІД-нің әкімшілік полиция бөлімінде бастаған. Жаңа лауазымына дейін Руслан Адилов Атырау облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Ал, бұған дейін Қызылқоға ауданы полиция бөлімінің бастығы қызметін атқарған полиция подполковнигі Нұркен Нұғманов зейнеткерлікке шықты.