Құрқылтай ұясының ҚАСИЕТІ
Atr.kz/4 маусым, 2019 жыл. Әдетте кішкене нәрсені осылай дейміз. Ал, осы қасиетті құс мекендейтін орынның емдік ерекшелігін білеміз бе?
Құрқылтайдың ұясымен емделу үшін ел ішінен емші іздеп қажеті жоқ екен. Оны әркім өзі-ақ жасай алады. Емдік шөптермен іріктеліп, оның үстіне сілекейімен өрілген олардың ұясы жібек секілді. Оның біреуін ғана бірнеше адам емге қолдануға мүмкіндік бар.
Яғни, цистит кезінде немесе бала шыжың болса, ересектерде зәрдің шықпауы немесе жиі мазаласа, қуыққа тас байланса немесе қабынса, ұядан аздап алып түтету оған аз ғана адыраспан қосады. Оны да түтетеді. Ақырында, қыз-келіншектер ұзын етек көйлегімен, ер адамдар белінен төмен жамылғымен түтін басылғанша үстіне отырады. Бұған 10-15 минут уақыт кетеді. Сосын жылы киініп алу қажет. Осы әдісті екі-үші рет қайталаса жеткілікті.
Мұндай тәсіл әйелдердегі суықтауда, жатырдағы өзге де дертте, ерлердегі импотенцияда, простатит пен бел омыртқадағы жарықта қолданылады. Тізеде, буындарда, желкеде тұз және сары су жиналса, аяқ ісінсе, сүйек қақсаса, жаңа орылған бидайды сабағымен алып, құрқылтай ұясының аз ғана бөлігімен суға бір қайнатып, қымтанып сол қоймалжыңға отырады. Оны қалыңдау матаға салып, екі тізеге және желкеге таңуға да болады.
Қаны қою, ұйып қала беретін адамдарға, радикулит пен остеохондроз дертіне шалдыққан жандарға да осы ем пайдалы. Міне, құрқылтай ұясының осындай қасиеті бар. Әйтсе де, оны балапандар қанаттанбаған шақта алып, олардың өсуіне кедергі келтірмеу керек.
Мерген СӘРСЕНОВ
Актау каласы 8702 265 61 83 құрқылтай уясы сатылады