Екі тәулікте – 40 мың дана қап

mmsmsmsm Жаңалықтар


Су тасқынына қарсы күрес шарасына ірі кәсіпорындар да өзіндік үлестерін қосуда. Атыраудағы «Полимер Продакшн» ЖШС соңғы екі тәулікте 40 мың дана қап шығарып, облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа жөнелтті.
– Зауытқа шикізат «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» компаниясынан 9 сәуір күні кешкісін келді. Содан бері біздің қызметкерлер екі ауысыммен жұмыс істеп, бір тәулікте 20 мың дана қап дайындап шығарды. Шикізат жеткілікті, біздің тарапымыздан кідіріс жоқ, – деді «Полимер Продакшн» ЖШС бас директоры Аслан Ахтамонов.
Кәсіпорын басшысының айтуынша, KPI компаниясынан келген 30 тонна полипропиленннен шамамен 330 мың дана қап шығарылады. Бұл жергілікті зауыттың 15 күндік жұмысы. Жалпы шикізат мөлшері 100 тонна деп жоспарланып отыр.
Қ.ШӘКІРОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз